Түйе көтеріп, үш көлікті сүйреген қазақстандық Гиннесс рекордтар кітабына тағы енді
Түйе көтеріп, үш көлікті сүйреген қазақстандық Гиннесс рекордтар кітабына тағы енді
394
оқылды
"Qazaq titan" лақап атты қазақстандық стронгмен Алмат Жұманов кезекті рекорд орнатып, Гиннесс кітабына атын тағы бір мәрте жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Титан" лақап атынан бөлек Қажымұқан атанып кеткен Алмат Жұманов бұл жолы арқасына 280 келі түйені көтеріп алып, 4 тонна 68 келі болатын үш көлікті 13 метр жерге дейін сүйреді. [caption id="attachment_134101" align="alignnone" width="740"] width= Фото: vesti.kz[/caption] Мұндай сынақты Алматтың өзі ойлап тапқан екен. Ал оған бір айдай уақыт дайындалыпты. Түйе көтеру қалыпты болғаннан кейін, осындай жаңа әрекетке бардым деп отыр. Алмат бұған дейін 108 тонналық пойыз вагондарын тартып рекорд орнатқан еді.