Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, қара топырақ ұрлағандар анықталды.
Прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, тексеру барысында топырақтың құнарлы қабатын қазғандарды анықтады.
«Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб ауданының аумағында белгісіз біреулер рұқсатсыз қара топырақ, топырақ және балласт өндірді. Аталған фактілер бойынша қалалық Полиция департаменті 2021 жылғы 30 сәуірде Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – дейді прокурор.
Топырақты құрылыс жұмыстары үшін пайдаланбақ болған. Қазіргі уақытта ұрлыққа қатысы бар адамдар анықталып жатыр.