Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болып, 4-еуі жарақат алған.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты Құрманғазы ауданындағы №9 теміржол бекетінің тұсында болған.
«УАЗ» бен «Lada Largus» көліктері соқтығысқан. Оқиға орнында 18 және 30 жастағы 2 ер адам көз жұмған. Тағы 4 адам түрлі жарақатпен Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілген.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.