«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібі бойынша екі сұрақ қарастырылды. Бірі – қоғамдық кеңестің құрамымен танысу, екіншісі – кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту. Кеңес мүшелері партияның Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы өзекті мәселелерге тоқтала отырып, жұмыс жоспарына ұсыныс енгізді. – Шағын және орта бизнесті дамыту – «Nur Otan» партиясының және Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының негізгі басымдықтарының бірі. Партия алдағы уақытта да кәсіпкерлікті дамытудың тиімді құралдары арқылы жұмыс істейтін болады, – деді «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев. Өз кезегінде кеңес төрағасы Қайрат Құдайберген кеңестің ең негізгі мақсатының бірі шағын және орта бизнесті қолдау және қорғау екенін атап өтті. Сонымен қатар кеңес мүшелерімен бірігіп көптеген жұмыстардың атқарылатынын айтты. Ал кеңес мүшесі, Алматы қаласы бойынша ҰКП директоры Айтуар Қошмамбетов мемлекет тарапынан қаржыландырылатын, қала деңгейінде салынып жатқан нысандарға мониторинг жүргізіп, нысан құрылыстарында отандық өнімдердің пайдалануына бақылау жасау қажет екенін жеткізді.Әбілмансұр ЖАСАН