5 мамырға арналған ауа райы болжамы
5 мамырға арналған ауа райы болжамы
102
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, таулы аймақтарды тұман басады. Тек қана солтүстік және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік және батыста шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аумағында бұршақ күтіледі, кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Атырау, Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман болады. Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Қызылорда, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында түнде және таңертең тұман болады.