Жүк пойызымен шекарадан миллион доллар алып өтпек болған екі машинист ұсталды
Жүк пойызымен шекарадан миллион доллар алып өтпек болған екі машинист ұсталды
220
оқылды

Ресми мәлімет бойынша, жүк пойызының электровозынан 971 050 доллар, 47 720 еуро және 3 424 500 рубль табылған.

Tengrinews.kz-тің жазуынша, Келес теміржол станциясында дәл осы электровозды қайта қарау кезінде тағы 1050 доллар табылды. Жалпы, 11 миллиард сум тәркіленді. Тергеу барысында машинистерге қаржыны Қазақстанға алып кетуге Ташкент облысы Заңғиатин ауданының тұрғыны бергені анықталды. Ол ұсталды.

Машинистер одан Қазақстанға шетел валютасын заңсыз алып өткені үшін 300 доллар алған.