Облыс әкімдігі видеоға қатысты түсінік берді. Instagram-дағы видеода көп адам кезекте тұр.
«Вакцина салдырмадың ба? Базарға кіргізбейміз. Байғұс адамдар, жұмыс істетпеді ғой» дейді видеодағы адамдар.
Қызылорда облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Қазіргі уақытта қалалық емханалар жанынан екпе егу үшін жылжымалы топ құрылды. Осындай мобильді топтардың бірі бүгін «Қорқыт ата» сауда орталығында вакцинация жүргізді. Барлық санитарлық талап сақталады. Дәрігер міндетті тексеріс жүргізеді. «Базарға вакцинасыз ешкімді кіргізбейді» деген ақпарат жалған екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта еркін саудаға барлық мүмкіндік бар», – дейді әкімшіліктегілер.