Polisia.kz-тің мәліметінше, Шардара АПБ-ға кешкі уақытта жергілікті тұрғын хабарласқан.
Әйелдің айтуынша, 16 жастағы қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Полицейлер хабарлама түсе салысымен, оқиға орнына жылдам жетті. Оқушы қызды ертеңіне 100 шақырым жердегі Қызылқұм ауылынан тапты.
https://youtu.be/cschX-uby8Y
Осылайша, жоғалған 16 жастағы қыз полицейлердің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды.
Қызды құрбысы үйіне қонаққа шақырғаны анықталды. Алайда, қыз ата-анасынан сұранғанымен жібермейтінін біліп, ескертпестен үйінен шығып кеткен.
Ата-анасы қыздарын өздері іздеп, нәтиже болмаған соң полицейлерге хабарласқан.