Әлем чемпионы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Әлем чемпионы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды
331
оқылды

Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Былғары қолғап шебері кеше Шортанды ауданы әкімінің өкімімен жоғары лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Осыған дейін ел қоржынына бокстан Азия чемпионатының және әлем чемпионатының алтынын салған боксшы енді өзін мемлекеттік қызмет саласында бағын сынап көруді жөн санапты. Мерей Төлегенұлы Ақшалов 1988 жылдың 8 мамырында бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Еуразия гуманитарлық институтын және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Қаржы», «Құқықтану» және «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Азия және әлем чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері. Еңбек жолын 2007 жылы «ТШНК и СР» РМҚК бокстан нұсқаушы-спортшы болып бастады. 2009-2012 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының жекпе-жек клубтарының спортшысы болды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін елорданың мемлекеттік және мемлекеттік емес дене шынықтыру және спорт ұйымдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды. Ағымдағы тағайындау күніне дейін Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Үйленген, төрт баланың әкесі.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы