Жаркентте екі студент гараждан өлі күйінде табылды
Жаркентте екі студент гараждан өлі күйінде табылды
178
оқылды
Алматы облысында гараждан кәмелет жасқа толмаған екі бозбаланың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, марқұмдардың екеуінің де жасы 17-де болған. Колледж студенттері болжам бойынша, жер үйдің гаражында көлікті жөндеу кезінде бензин буынан уланып, көз жұмған. Қазіргі таңда мамандар қайғылы жағдайдың нақты себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тексеру жүргізіп жатыр.  
- Қинап өлтіру белгілері анықталмады. Алдын ала болжам бойынша жәбірленушілер автокөлікті жөндеу кезінде бензин буымен уланған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.
https://www.youtube.com/watch?v=BGF_3vLaJII