Қарағанды облысында су тасқыны кезінде жоғалған кәсіпкер Нұрлан Сүлейменовтің мәйіті табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талгат Уәли хабарлады.
Ведомстводан хабарлағандай, 5 мамырда Нұра өзені аймағындағы Тассуат ауылы маңында Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелері 8 сәуірде жоғалып кеткен шаруа қожалығының иесі Нұрлан Сүлейменовтің өлі денесін тауып алған.
Іздеу жұмыстары 10 сәуірде басталған.
"Кәсіпкердің мәйіті ағыстан төмен 50 шақырым жерде, оның көлігі табылған жағалаудан 4 шақырым жерде табылды", - деді Талғат Уәли.
Бұған дейін Қарағанды облысында өзеннен жоғалған кәсіпкердің үстіндегі киімі табылғанын хабарлаған болатынбыз.