Жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменовтің мәйіті табылды
Жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменовтің мәйіті табылды
109
оқылды
Қарағанды облысында су тасқыны кезінде жоғалған кәсіпкер Нұрлан Сүлейменовтің мәйіті табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талгат Уәли хабарлады. Ведомстводан хабарлағандай,  5 мамырда Нұра өзені аймағындағы Тассуат ауылы маңында Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелері  8 сәуірде жоғалып кеткен шаруа қожалығының иесі Нұрлан Сүлейменовтің өлі денесін тауып алған. Іздеу жұмыстары 10 сәуірде басталған.
"Кәсіпкердің мәйіті ағыстан төмен 50 шақырым жерде, оның көлігі табылған жағалаудан 4 шақырым жерде табылды"​, - деді Талғат Уәли.
Бұған дейін Қарағанды облысында өзеннен жоғалған кәсіпкердің үстіндегі киімі табылғанын хабарлаған болатынбыз.