Еліміздің ер азаматтары қашан да ел тыныштығын күзететіні белгілі. Соған орай, жылдан жылға қаншама сарбаз азаматтық парызын өтеп келеді. Сондықтан әскерде болу, әскери өмірдің қыр-сырын тану, кез келген ер жігіт басынан өткеруі тиіс борышы. Соның арасында бүгінде есімі ел аузында жүрген өнер, мәдениет, спорт саласы жұлдыздарының қайсысы әскерге барғанын анықтадық.
Қазақстандық әнші Бүркіт үлкен сахнаға алғашқы қадамын әскери ансамбльдің құрамында бастаған екен. 1996 жылдары «Нұрсәт» атты әскери-эстрадалық топтың солисті болған. Оның айтуынша, өзі сұранып барған. Сол кезде ол Шамалған станциясында орналасқан Республикалық ұланның жеке дайындық батальонында болған. Алты айлық қызметтен кейін Айбек Бурабайға – ҚР ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшесінің байланыс қызметіне ауыстырылды. Міне, осы жерде ол көркемөнерпаздар байқауына белсене қатысып, домбыра мен гитарада ойнап, ән жаза бастаған.
– Әскер қатарында жүріп те ән айтып жүрдім. Сол кезде «Нұрсат» деген музыкалық топтың құрамында болдым. Тіпті әскердегі соңғы жарты жылым гастрөлдік сапармен өтті. Ең қызығы, студенттік жылдары Президенттік қауіпсіздік қызметіне барғым келген. Сол кезден-ақ Отан алдындағы парызымды өтемек болғам, – деді әнші Айбек Жансейітов.
– Әскер – ер жігіттің өміріндегі ең маңызды әрі ұмытылмас кезең. Әскери өмірім 1984-1986 жылдары Сібірдің Забайкальский өлкесінде өтті. Сібірдің қысы ерекше қатты еді ғой. Алғашқыда жат жерді жерсініп, сіңісе алмай жүрдім. Тіпті Тайганың қақаған қысында аяғымды, мұрнымды, бетімді үсіріп алғанмын. Жас сарбаз болған соң алғашқы айларда таяқ жедік. Бірақ темірдей тәртіптің арқасында сүйегіміз қатайып, түрлі тактикаларды меңгердік. Таңның атысынан кештің батысына дейін осылай күніміз өтіп кетті. Әке-шеше, ағайын-туысты сағынсақ та, әскердің заңына бағындық. Елге оралған соң бүкіл туған-туыс үйге жиналып, кәдімгідей той жасағанбыз, – деді ол.