Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов соттың кезекті отырысында өзін және отбасын бірнеше көлік аңдып жүргенін айтты.
Экс-министр тергеушілер өзі мен отбасының ізіне түскенін мәлімдеді.
"Тергеу аталған істі толық әрі жан-жақты тергеудің орнына ақша мен уақытты мені аңдуға жұмсап отыр. Қара пиар. Күнделікті үш көлік балаларым мен жұбайымды дүкендер мен жұмыстың айналасында аңдып жүреді. Мен олардың нөмірін беруге де дайынмын.
Мен мұның не үшін қажет екенін білмеймін. Бұған сот рұқсат еткен болуы мүмкін. Бірақ бұған кеткен уақытты істі толыққанды ашуға жұмсау керек деп ойлаймын", - дейді ол.
Бұған дейін прокурор Елжан Біртановтың шетелде мүлкі бар екенін және ол Қазақстаннан қашып кетуі мүмкін екенін айтқан болатын.