Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы мәлімет Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram-арнасында хабарланды.
Қаныбек Жұмашев 1970 жылы 10 қазанда Маңғыстау облысы Ералиев ауданы Жетібай ауданында туған.
Білімі:
1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы:
1992-1993 жылдары - Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы "Қаражанбасмұнай" АҚ инженері.
1993-1995 жылдары - Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы политехникалық колледж мұғалімі.
1995-1997 жылдары Жаркент қаласында Қарулы күштер сапында қызмет етті.
1997-1998 жылдары - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №5 орта мектебінің мұғалімі.
1998-2000 жылдары - Маңғыстау облысының Білім беру басқармасының жетекші маманы.
2000-2004 жылдары - Маңғыстау облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.
2004-2005 жылдары - Маңғыстау облысы Білім беру басқармасы меңгерушісінің орынбасары.
2005 жылы - Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының қызметін атқарушы.
2005 жылы - Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары.
2005-2006 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі.
2006-2007 жылдары - Маңғыстау облысы Білім беру департаментінің директоры.
2007-2010 жылдары - Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының басшысы.
2010-2012 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2012-2014 жылдары - Nur Otan партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2014-2015 жылдары - Nur Otan партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары.
2015 жылы - Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2015-2019 жылдары - Nur Otan партиясының Xатшысы.
2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2020-2021 жылдары - Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.