Қазақстандықтар жалақысынан қанша салық және әлеуметтік төлем ұсталғанын тексере алады
Қазақстандықтар жалақысынан қанша салық және әлеуметтік төлем ұсталғанын тексере алады
201
оқылды
Қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді аударғанын тексере алады. Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомасын қарап шығуға мүмкіндік береді. Сервистен 2020 жылдың барлық кезеңін көруге болады. Деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS хабарламасы мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі. Деректерді қарау үшін «салық әмияны», «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет. Бастапқы кезеңде жұмыс берушілері бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, жеке тұлғалар деректерді қарай алады. Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет. «E-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market платформаларынан жүктеуге болады.