Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 10 тонна ұн жіберді
Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 10 тонна ұн жіберді
193
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады, - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көрші мемлекетке 10 мың тонна ұн жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті», - деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.