Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
180
оқылды

Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды.

Қаулыда бұқаралық іс-шараларды, ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ митингі, шеру, жиындар өткізуге тыйым салынған. Тек Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамнан аспайтын шаралар өткізуге рұқсат етілген. Осы жоба бойынша Нұр-Сұлтанда океанариум, караоке, банкет залдары, көрмелер, марафондар іске қосылады, сондай-ақ көрермен қатысатын спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат етіледі. «Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде тағу, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын. Әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде 2 метрден кем болмайтындай ұстанып, жеке және топпен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат берілсін», – деп жазылған қаулыда.