Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы енгізілуде
Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы енгізілуде
234
оқылды
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына жолаушыларды кіргізу Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. Жобаны 12 мамырдан бастап толыққанды іске қосу жоспарланып отыр. Термометрия (дене қызуын қашықтан өлшеу) Covid-19 белгілерінің бірін анықтауға көмектеседі (дене температурасының жоғарылауы), ал Ashyq қосымшасы жолаушылар мен қызметкерлерге қосымша қауіпсіздік кепілі болмақ. Осыған байланысты, барлық жолаушылардан әуежайға келгенге дейін алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз мәртебесін тексеру сұралады.
"Сары және қызыл мәртебесі бар жолаушылар терминал ғимаратына кіргізілмейді. Ал рейске жіберілмеген жағдайда ақшаны қайтару бойынша сұрақтарды әуекомпанияларға жолдаған жөн", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.