Шымкентте әуе шары құлап, бірнеше шағынаудан электр жарығынсыз қалды-Видео
Шымкентте әуе шары құлап, бірнеше шағынаудан электр жарығынсыз қалды-Видео
143
оқылды
Шымкент қаласында әуе шары тұрғын жайдың үстіне құлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Салдарынан бірнеше шағынаудан электр жарығынсыз қалды. Желіде тараған видеода байқалғандай, әуе шары электр желісіне ілініп, жарылыс болған. Шымкент қаласы Энергетика басқармасының мәліметі бойынша, оқиға бүгін кешкі сағат 20:24 шамасында Тұран шағынауданында орын алған. Жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында желдің соғуы себебінен әуе шары басқарылмай 10 кВ әуе желісінің үстіне құлап, электр желілері үзілген. https://www.youtube.com/watch?v=7wTB4Pk2Glk&t=35s Сондықтан Тұран шағынауданы мен Шымсити, Асар-2 шағынауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлерінде 4 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз қалған.
"Қазіргі таңда "ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС-нің, "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің арнайы бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, тұрғындарды сабырлылық танытуға шақырамыз", – деп хабарлады Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы.