Павлодар облысында балық жаппай қырылып жатыр. Қазіргі кезде өңірлік Экология департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп, су сынамасын алды.
– Аталған факт бойынша Экология және балық инспекциясы департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барып, су сынамасын алып, тексеріп жатыр, – деді Павлодар облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Исжанов. Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар облысындағы көлде балықтың жаппай қырылғаны туралы материал жарияланған болатын. Ақтоғай ауданындағы Шығанақ көлінің жағасында бейнеролик түсірген куәгердің айтуынша, жаз бойы балық шаруашылығы инспекциясы және учаскелік инспектор балық аулауға рұқсат бермеген. Хабарламада айтылғандай, Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен, ветеринарлық қызметтермен және ғалымдармен бірге осы су қоймасына баруға уәде берді.А.ЖАСАНҰЛЫ