7-9 мамыр күндері грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.
Аталған турнир елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Нұр-Сұлтан қалалық Денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында өтетін турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәреже-сінде белдеседі. Бұл турнирге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан елдерінен 250-ден аса спортшы қатысады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен марапатталады. «Елдегі карантин талаптарына сәйкес, халықаралық турнир жанкүйерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тіке-лей эфирде тамашалай алады. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 7 мамыр күні сағат 16.00-де болады», – дейді елордадағы Денешынықтыру және спорт басқармасы өкілдері.Айбике ЖАНАСЫЛ