Павлодар қаласындағы орталық көшелерінің бірінде тротуар опырылып түскен. Сол жолмен жұмысқа бара жатқан ер адам шұңқырға түсіп кете жаздаған. Ол болған жағдайды видеоға түсіріп, Instagram-ға жариялаған.
"Жұмысқа бара жатып жерге түсіп кеттім. Қалтамдағы екі телефонның біреуі екіге сынып қалды", - дейді ер адам.
Кадрлардан плиталардың астында, жарты метр тереңдікте топырақ жоқ екенін көруге болады.
Павлодар әкімдігінің мәліметінше, тротуар астындағы топырақты су шайып әкеткен. "6 мамырда гидравликалық сынақтар жүргізіп жатқанда жылу құбыры желілерінде диаметрі 219 миллиметр зақым анықталды. Сондықтан тротуардың топырағын су шайып әкетіп, салдарынан шұңқыр пайда болған", - деді олар.
Олардың айтуынша, опырылған жерге қоршау қойылған. "Коммуналдық қызметтер топырақтың қаншалықты шайылғанын анықтау үшін осы учаскедегі тротуарға талдау жүргізеді. Одан кейін астына топырақ салып, тротуар қалпына келтіріледі", - деді әкімдік өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram