Ақтөбе соты Сириядан эвакуацияланған ағайындыларды 8 жылға соттады
Ақтөбе соты Сириядан эвакуацияланған ағайындыларды 8 жылға соттады
209
оқылды

Ақтөбе соты биыл ақпанда Сириядан эвакуацияланған 12 қазақстандықтың екеуіне 8 жылдан түрме жазасын кесті. Ағайынды екі жігіт Ақтөбеге 5 ақпанда жеткізілген.

Ақтөбе соты таратқан мәліметке қарағанда, Руслан Сирияға барған соң "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына ант беріп, оның белсенді мүшесі болған. Сол жылы маусымда арнайы әскери дайындықтан өтіп, сол ұйымның жұмысына араласқан, қарулы қақтығыстарға қатысқан.

"Тергеу сотталушыға "діни алауыздықты қоздырды", "билікті басып алуды насихаттады", "терроризмді насихаттады", "террористік топтың әрекетіне қатысты" деп айып тақты. Ол Сирияда жүріп, 2016 жылғы қыркүйек-қазан аралығында Қазақстанда қалған бауыры мен танысына терроризмді насихаттаған. Сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды" деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Аzattyq-тың хабарлауынша, "Жусан" операциясымен Таяу Шығыстан эвакуацияланған Русланның (есімі өзгертілді – Ред.) жасы 36-да. Ол 2015 жылғы 16 маусым күні Ақтөбе қаласынан жолға шығып, Ресей арқылы алдымен Түркияға, сосын Сирияға барған екен.