Қазақстандық боксшы үш салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Юриоркис Гамбоамен спарринг өткізді. Бұл жайында Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Оның осы жолғы спортшының қарсыласы – үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған кубалық Юриоркис Гамбоа.
"Осылай жақсы басталған спарринг еді. Гамбоаның әкесі түсіруге болмайды деп тыйым салды", - деді Елеусінов Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, 30 жастағы Данияр Елеусінов соңғы рет рингке 2020 жылы қарашада шықты. Ол кездесуде намибиялық Джулиус Индонгоны екінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Елеусіновке жартылай орта салмақтағы IBF Inter-Continental чемпионы белбеуін алуға мүмкіндік берді.