Беларусь коронавирусқа қарсы өз вакцинасын жасап шығарды. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.
Оның айтуынша, отандық өнім Беларусь сатып алып жатқан препараттардан ерекшеленеді екен. Беларусь президенті коронавирусқа қарсы ұлттық вакцина жасау туралы бұйрыққа 1 сәуірде қол қойған болатын. Оған сәйкес елдің Денсаулық сақтау министрлігі отандық вакцинаны әзірлеу бойынша кешенді шараларды 2021-2023 жылдары іске асыруы керек.