Павлодарда трамвай жаяу жүргіншіні қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды
Павлодарда трамвай жаяу жүргіншіні қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды
Павлодарда трамвай жаяу жүргіншіні қағып кеткен сәттегі видео әлеуметтік желіде жарияланды. Zakon.kz-тің жазуынша, оқиға 7 мамырда сағат 15:50-де Мәшһүр Жүсіп көшесінде болған. Кадрдан иығында үлкен сөмкесі бар ер адамды көруге болады. Неге екені белгісіз, ол трамвай жолымен жүрген. Жүргізуші оны уақытында байқамады, ал жаяу жүргіншінің өзі қағып кетуден бір минут бұрын секіруге тырысты. Дегенмен ол тікелей соққыдан тайқып, жол жиегіне құлады. Кейін орнынан тұруға тырысты. Жүргізуші болса трамвайды тоқтатып, зардап шегушіге көмекке жүгірді. Бірақ ер адам көмектен бас тартып, жүргізушіге ешқандай шағымы жоқ екенін айтты. Жедел жәрдем қажет емес екенін де жеткізді. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі оқиға туралы хабар түскен жоқ деп хабарлады. Алайда видео әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін факт тіркеліп, тексеру басталды.