Түркіменстанда президенттің әкесін еске алу кешіне халықтан ақша жинап жатыр
Түркіменстанда президенттің әкесін еске алу кешіне халықтан ақша жинап жатыр
312
оқылды

Түркіменстанда ел президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовтің әкесін еске алу кешін өткізу үшін халықтан ақша жинап жатыр.

Президенттің әкесі Маликгулы Бердымұхаммедов биыл 18 сәуірде 89 жасында қайтыс болған кезде, аймақтық шенеуніктерден, бюджет қызметкерлерінен мешітте еске алуға ақша жиналған. Енді 40 күндік асына тағы ақша жинап жатыр. Түркімен жергілікті басылымының хабарлауынша, еске алу асы 28 мамырға жоспарланған. Бұл жолы жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері де 50 манаттан беруге міндеттелген. Тапсырма ауызша айтылған. Елде дағдарыс кезінде қосымша ақша жинауға халық наразы, - дейді тілші.
"Президент пен оның әкесінен шаршадық. Бұл спектакль тезірек бітсе екен. Бізді мұндай шараларға қатыстырып, өтірік қайғырып отыруға мәжбүрлейді", — дейді аты-жөнін құпия сақтауды жөн көрген студент.
Түркіменстанда Маликгулы Бердымұхамедов атындағы арнайы медаль бар. Ол тірі кезінде туып-өскен ауылына ескерткіш орнатылған. Еске салсақ, қазақстандық бизнесмен Қырғыз Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.