31 мамырдан бастап Түркістан қаласынан Бішкекке тұрақты рейс қатынайды. FlyArystan лоукостерінің жолаушы ұшағы аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.
"Манас" халықаралық әуежайының" хабарлауынша, Түркістан арқылы Қазақстанның басты қалалары — Алматы және Нұр-Сұлтанға ұшуға болады. Ұшу ұзақтығы — 1 сағат 15 минут.
Айта кетейік, Бішкектен Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тікелей рейстер бар.
Түркістан — Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, Шымкент қаласынан 160 шақырым жерде орналасқан.
Еске салсақ, FlyArystan ұшағының Алматыға шұғыл қонғаны туралы хабарлаған едік.