Ақтауда ер адам жұбайы мен балаларының көзінше өзіне қол салмақшы болған. Оны құтқару сәті полицейдің видеожетонына түсіп қалған, - деп жазады Lada.kz.
Оқиға 7 мамыр күні сағат 17:12-де болған.
"102" кезекші пультіне Ақтаудағы 3-ықшамауданда орналасқан №61 үй тұрғынынан хабар келіп түскен. Әйел адам жолдасының өзіне қол салғалы жатқанын хабарлапты.
"Шақыру бойынша жеткен полицейлер пәтерге кіруге тырысты, алайда есік жабық болды. Олар балалар мен әйелдің айғайлаған дауыстарын естіді. Бірнеше минуттан кейін пәтердің есігі ашылып, полиция қызметкерлері ішке кіріп, белбеуге асылып тұрған ер адамды көрген. Олар жылдам әрекет етіп, оны босатып алды. Ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз", – деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.