"Қазгидромет" мәліметі бойынша, дүйсенбі, 10 мамырда Нұр-Сұлтанда және еліміздің сегіз өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа райы қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланған.
Қостанай облысында 10 мамырда күндіз тұман түсуі мүмкін. Түнде және таңертең кей жерде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Дүйсенбі күні Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, түнде тұман түсіп, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады.
Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында соңғы демалыс күндері синоптиктер қатты жаңбыр жауады деп болжап отыр. Кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Қызылорда облысында желдің секундына 20 метрге дейін күшеюіне байланысты ескерту жарияланған.
10 мамырда Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.
Көкшетауда да дәл осындай ауа райы күтіледі. Синоптиктер болжамы бойынша, найзағай ойнап, бұршақ жауады және жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.