Шығыс Қазақстанда орманнан шыққан өрт ауылды шарпыды – видео
Шығыс Қазақстанда орманнан шыққан өрт ауылды шарпыды – видео
142
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер маңындағы орман өртеніп жатыр. Куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеолары әлеуметтік желіде пайда болды. Тұрғындардың айтуынша, өрт ауылға қарай бағытталған. Ауыл тұрғындары өздігінен үй жануарлары мен техникаларын эвакуациялап жатыр. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті орман өртеніп жатқанынан хабардар.
"Бүгін 101 қызметіне Риддер орман шаруашылығының жанындағы Лесхоз кентінің тұрғындарынан шамамен екі гектар алқапта құрғақ шөптің жана бастағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына ШҚО ТЖД орман шаруашылығы және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келді. Өртті сөндіруге барлығы алты техника мен жеке құрамның 100-ден аса адамы жұмылдырылды", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.