Нұр-Сұлтанда жас жігіт көпірден секіріп кетті
Нұр-Сұлтанда жас жігіт көпірден секіріп кетті
214
оқылды
Астаналық полицейлер көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігітті құтқарып қалды, - деп хабарлайды елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сағат 04.30-да Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" көпірінен ер адам секірейін деп тұрғаны хабарланған. Полицейлер келген уақытта ер адам секіріп үлгерген. 22 жастағы жігіт мас болғаны анықталған. Оған медицина қызметкерлері қажет көмекті көрсетті. Бүгінде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаны куәгерлер түсіріп алған. Одан бөлек, видео полицейлердің жетонына түсіп қалған. https://www.youtube.com/watch?v=0CtxeyacZno&t=10s