Риддердегі өртке кінәлі адамның кім екені белгілі болды
Риддердегі өртке кінәлі адамның кім екені белгілі болды
448
оқылды

Полицияның мәліметінше, 10 мамырда басталған өртке байланысты тергеу басталды.

Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалды. Осы баптың санкциясы 2 мың АЕК (5 миллион 834 мың теңгеге дейін – ред.) мөлшерінде айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

«Өртке кінәлі күдікті ұсталды. Бұрын сотталмаған, жұмыс істейтін Риддер қаласының 35 жастағы тұрғыны», – деді Полиция департаменті басшысының орынбасары Елдос Закимов.

Арнайы жедел тергеу өрттің себебін бүге-шігесіне дейін зерттеп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Бұған дейін Лесхоз кентіндегі өртті 500-ден аса адам сөндіргенін хабарлаған болатынбыз.