Соңғы жылдары шетелге білім қуып, не болмаса жұмыс іздеп кетіп жатқан қазақстандықтар өте көп. Олардың арасында туған жерге табытпен оралған қазақ қыздары да бар. Қыздардың қазасы қаншама жанның қабырғасын қайыстырды. Әрқайсысы түрлі жағдайда көз жұмған. Қазір бірін білсек, бірі ұмыт болған. Бірақ Грузиядағы қазақ қызының өлімі елді дүрліктіріп, өткенді еске түсіргендей болды. Жат жерде жүріп, түрлі оқиға салдарынан көз жұмған қыздардың тағдыры туралы сөз етпекпіз.
[caption id="attachment_135962" align="alignnone" > ©www.nur.kz[/caption] 5 мамыр күні Грузияның астанасы Тбилисиде 26 жастағы Әсел Айтпаева белгісіз жағдайда қайтыс болған еді. Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 6 мамырда бұл іске қатысы бар деген күдікті де ұсталды. Тіпті, Грузия прокуратурасы оған зорлады және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген айып тақты. Өйткені Грузия ақпарат агенттігінің таратуынша, күдікті «қызды өлтіремін» деп қорқытып, зорлаған. «Жәбір көрген қыз ауыр психикалық соққы алып, өз-өзіне қол салды» делінген. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 8-10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Оның айтуынша, күйеу баласы қызын Грузияға көлік алып-сататын бір фирмаға жұмыс істеуге шақырған, бірақ оны алдап кеткен. Тіпті, жұмыс тауып бермек болған туысы Әселді машинаға айырбастауы мүмкін екенін айтты.Алайда қыздың анасы Айсұлу Айтпаева тергеудің әділ жүруін талап етуде. Ол Әселді Грузияға туысының күйеуі алып барғанын және соның жазалануын талап етуде. «Қазір Грузияда біреуді ұстады деген ақпарат шықты. Бірақ мен күйеу баламның жазаланғанын қалаймын. Ол түк болмағандай жүре ме? Ол да, оның туыстары да кешірім сұраған жоқ», – деді Айсұлу Айтпаева Sputnik агенттігіне берген сұхбатында.
Кеше сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп, мәйіт анықталды. Қазір Айсұлу Айтпаева Грузияда жүр. Ол қылмыстық істің басы-қасында жүріп, тергеудің әділ жүруін талап етуде. Алайда бұл істе әділдікке жету-жетпеу бұлыңғыр. Бәрі уақыт еншісінде... [caption id="attachment_135965" align="alignnone" > ©kznews.kz[/caption] Тағы бір қыздың өлімі жұмбақ. Ол – Түркияда қайтыс болған Елдана Қаһарман. Оның да ісі жабулы қазан жабулы күйде қалды. Естеріңізде болса, бұл жағдай 2019 жылдың 30 наурызында болған. 21 жастағы Елдана Түркияның Элязыг қаласындағы үйінен өлі табылған. Марқұмға хабарласа алмаған достары оны пәтеріне іздеп барған. Сөйтіп, олар есігін бұзып кіріп, оның асханада жатқан жерінен тауып алған. Оның да өлімі өзіне қол салған деп болжанды. Бірақ мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылықтың белгісі табылмаған. Жалпы, ол жайында толық жақ ашпаудың астарында не жатыр? Бізге тек оның Түркияның шығыс бөлігінде орналасқан Фырат университетінде білім алып, сондағы телеарналардың бірінде жұмыс істегені ғана белгілі.– Менде аудиожазбалар бар. Ол жерде бір ер адам қызымның үстіне қайнаған су құямын деп қорқытады. Кейін «секір, секір» дейді. Сондықтан қызымды өлтірді деп күдіктенемін. Себебі Әсел терезеден секіріп өлетін адам емес, – деді ол.
[caption id="attachment_135966" align="alignnone" > ©azattyq-ruhy.kz[/caption] Үш жыл өтсе де, Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы соттан әділдік іздеп жүр. Түйіні табылар емес. Соңғы уақытта Томирис Байсафаның анасы қазақстандықтардан көмек сұрап та көрді. Бірақ соған қолұшын созар жан бар ма?Оның әлеуметтік желісін сараптасақ, видеоблогер ретінде танылған марқұм өмірмен қоштасып, өзіне-өзі қол салуға ойы болмаған. Сонда өмірге құштар жанның өзін өлімге қиюына не себеп? «Егер қастандық жасалған болса, не үшін жасалуы мүмкін?» деген мәселелерді қозғай отырып, Қазақстан және Түркия арасында өзара ашық түрдегі зерттеу жасалуы тиіс еді. Алайда «ата-анасы қарсы болды» деген желеумен, марқұмның ісін жылы жауып қоя салдық. Біздің құқық қорғау органдары және жалпы заң аясындағы азаматтар жұмылып, іске көшсе, 21 жастағы қыздың өлімі оның сүйегімен бірге көміліп кетпес еді ғой. Сонда өркениетті және заңмен бекітілген қоғамда өмір сүруіміз қайда қалды?
Оқиға 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеуде болды. МГИМО ғимаратының төртінші қабатынан Томирис Байсафа құлап кеткен. Сол кезде оны ғимараттың жоғарғы қабатынан құлап кетті деген қорытынды шығарып, РФ-ның тергеу комитеті «Өлімге дейін әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Марқұмның ата-анасы Дархан Қожабергенов пен Жанна Ахметова объективті және әділ тергеуді талап етіп, Томиристің өзіне қол жұмсады деген тергеу қорытындысына келіспеді. Бұлар марқұмның өлтірілгенін айтып, Томиристі жігіті терезеден итеріп жібергеніне сенімді болды. Ұзақ уақыт тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің кінәсі дәлелденбеді. Сол уақытта 2019 жылдың қазан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Томиристің анасы Жанна Ахметованы қабылдады. Сөйтіп, іске ерекше мәртебе берілді. [caption id="attachment_135967" align="alignnone" > ©azattyq-ruhy.kz[/caption] 2020 жылдың шілдесінде бұл іс «Адам өлтіру» бабы бойынша жүргізіле бастады. Трагедия болған сәтте Томириспен бір аудиторияда болған Муртузали Меджидов күдікті ретінде ұсталды. Ол дағыстандық танымал саяси қайраткер, экс-премьер және бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы. Жанна Ахметованың айтуынша, 23 наурызда өткен алғашқы алдын ала сот тыңдалымында күдікті М.Меджидовтың адвокаттары оны кепілмен үй қамағына босатуды сұраған. Алайда бұл өтініш қанағаттандырылмады.
[caption id="attachment_135969" align="alignnone" > ©www.automan.kz[/caption] Ал 2015 жылы Түркиядағы жол-көлік апатынан 18 жастағы қазақстандық бойжеткен көз жұмды. Бұл ақпаратты анасы да растады. «Қызымыз жол апатына түсіп, алған жарақаттың салдарынан қаза тапты» деді Аида Сарабаеваның анасы. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жол апаты 6 тамыз күні болған. Қатты жауған жауынның кесірінен Паммуккале – Анталия бағытында келе жатқан туристік автобус жол бойынан сырғып, аударылып түскен. Сол кезде көлікте 38 адам болған. Оның ішінде екеуі – автобус қызметшісі мен жүргізуші. Оқиға орнында Қазақстаннан, Украинадан және Ресейден келген төрт азамат қайтыс болған. Қалғаны ауруханаға жеткізілген. [caption id="attachment_135970" align="alignnone" > ©tengrinews.kz[/caption] 2011 жылдың тамызында тағы бір қазақ қызы қайтыс болды. АҚШ-та 20 жастағы павлодарлық Айнұр Ахметованың өлі денесі табылды. Бассейнде ес-түссіз жатқан бойжеткен жүрегі тоқтап, қайтыс болған екен. Бастапқыда сіңлісі Замира Ахметова әпкесін өз ажалынан өлмеді деп шықты.– Күдіктіні қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы ұзартылды. М.Меджидовтың 3 бірдей пафосты, өзімшіл және өрескел адвокаты және қолдау білдіріп отырған бір топ туысы бар. Өткен үш жыл уақытта М.Меджидов тарапынан бізден ешкім кешірім сұраған емес. Өкініш те білдірген жоқ. Ол өзін кінәсізбін деп санайды. Күдіктіні мен 3 жылда бір рет те «кісі өлтіруші» деп атаған жоқпын, – дейді Жанна Ахметова "Азаттық рухына" берген сұхбатында.
Жазғанымыз тек елді дүрліктіріп, қалың оқырманның талдауына түскен жағдайлар. Арасында елеусіз, ескерусіз қалған қаншама тағдыр бар. Өзге елде олардың сөзін сөйлеп, ісінің ақ-қарасын ажыратып, әділдігін айтатын заң бар ма? Заңгердің айтуынша, кісі өлімі бойынша іс тіпті арызсыз қозғалады.– Полиция хабарлағандай, бұл жазатайым жағдай емес. Оған сенбеймін. «Суға батып кетті» дегеннің өзінде оның сол күні құлағына таққан сырғасын көзілдірігін, шалбарын таппадық. Заттары іс-түссіз жоғалып кетті, – деген ол Айнұрды біреулер өлтіргенін мәлімдеді. Сол кезде марқұмның жұмыс берушісі Алим деген жігіт күдікке ілінген. Бірақ тергеудің нәтижесін полиция жарияламады. Кейін Айнұрдың туысқан ағасы Қайрат Ахметов оны ешкім өлтірмегенін айтып, мәйітті еліне тасымалдай алмай жатқанын жеткізген болатын.
– Қылмыс қай жерде жасалса да, бәрібір қылмыстық іс қозғалады. Әрине, сол жақтан арызданған дұрыс. Алайда сол елге барып, арыз жазу міндетті емес. Қазақстанда жазса да, ары қарай шетелге жіберіледі. Меніңше, әрекетсіздік танытып, қолды бір сілтей салуға болмайды. Адам өлімі бар жерде соттасудың қажеті бар ма, жоқ па деп ойлаудың өзі орынсыз. Оның үстіне, бұл жерде іс жан-жақты қаралады. Өйткені екі елдің арасындағы қарым-қатынас болғандықтан істің әділ тергелуіне барлық жағдай жасалады, – дейді заңгер Ержан Болатбек.