Павлодарда көлікке адамды байлап сүйреген
Павлодарда көлікке адамды байлап сүйреген
147
оқылды
Адамды көліктің артына байлап сүйреп бара жатқан видео әлеуметтік желіде тараған. Осыған байланысты Павлодар полицейлері мән-жайды анықтап, арнайы түсініктеме берді, деп хабарлайды Polisia.kz. Полицейлер жан шошырлық видеоны әлеуметтік желілерге мониторинг кезінде Telegram-каналдардың бірінен байқаған.
«Аталған видео бойынша тексеріс жүргізілді. Атап айтқанда, 11 мамырда әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде тәртіп сақшылары Павлодар қаласында Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысында түсірілген видеоны анықтады. Онда автокөлік адамға ұқсайтын әлденені сүйреп бара жатқаны көрінеді. Бұл факті Павлодар қаласының Полиция басқармасында тіркелді. Анықталғандай, видео 2019 жылы Павлодарда «АFA» фильмінің түсірілімі кезінде жасалған. Автокөлікке адамның манекені байланған. Фильмді түсіру кезінде ешкім зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
https://www.youtube.com/watch?v=jJdHhViSeZI