ШҚО-да тағы өрт шықты: демалыс базасында 8 үй өртеніп жатыр
ШҚО-да тағы өрт шықты: демалыс базасында 8 үй өртеніп жатыр
164
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде бірнеше үйді қызыл жалын шарпыды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамыр күні сағат 16.48-де Жаңа Бұқтырма кентінде орналасқан демалыс базаларының бірінде шыққан өрт лезде 8 үйге, дәмхана шатыры мен моншаға жайылып кеткен.
"Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жаудың жалпы ауданы 409 шаршы метрді құрап отыр. Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Зардап шеккен ешкім жоқ," - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сол жерде жеке құрамнан 48 адам, 6 автоцистерна, жергілікті атқарушы органның 5 өкілі жұмыс істеуде.