6 облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды
6 облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды
152
оқылды
Синоптиктер 6 облыс аумағында дауылды ескерту жариялады. 12 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 12 мамырда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қаласында 12 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі.  Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 12 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік жүреді. Павлодар облысында кей жерлерде 1 градус үсік болуы мүмкін, қүндіз солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с соғады.