2 800 үйді табиғи газға көшіру жайы айтылды
2 800 үйді табиғи газға көшіру жайы айтылды
230
оқылды

«Nur Otan» партиясының Алматы қаласы бойынша сай­лауалды бағдарлама­сында 2 800 үйді табиғи газға көшіруді аяқтау мәселесі қарастырыл­ды. 2021 жылы бұл көрсеткіш шамамен 1 800 үйді қамтуы тиіс.

Бұл жайында партияның Ал­маты қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңестің кезекті оты­рысында кеңес төрайымы Алтынай Көбеева баяндады. Отырыс барысында кеңес мүшелері тарапынан «Газды қосуға пайызсыз несие» бағдарламасының халық арасында танылу деңгейінің төмен­дігі және бағдарламаның ақпараттық ресурстарын көбейту бойынша қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму бас­қармасына ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламаның Жол картасы ая­сында 2025 жылға дейін 1 млн ағаш отырғызу мәселесі бойынша қала­лық Жасыл экономика бас­қарма­сы төрағасының орынбасары А.Темешев баяндама жасады. – 2021 жылы қала көлемінде 360 мың көшет отырғызу қа­растырылған. Жоспарға сәйкес қазір 51 мыңға жуық көшет отыр­ғызылды және мамыр айының орта тұсына дейін бұл көрсеткішті 64 мыңға дейін жеткіземіз.  Сондай-ақ қалған 300 мыңға жуық көшетті күздік кезеңде отырғызу жос­парланды, – деді А.Темешев. Кеңес мүшесі Т.Елеусізов жер учаскелерін мақсатсыз пайдалан­ған және игерілмей тұрған жер­лердің меншік иелерін жауапқа тарту керегін және бұл мәселелер қала­ның көркеюіне кері әсерін ти­гізе­ті­нін атап өтті. Жиын соңын­­да кеңес төрайымы Алтынай Көбее­ва бас­қар­ма өкілдеріне, отырыс бары­сында кеңес мү­шелері тарапынан айтылған ұсы­ныстар мен ескерту­лерді уақы­тылы және сапалы түрде орын­дауды тапсырды.

Әбілмансұр ЖАСАН