Кісі елінде көз жұмған қазақ қыздары
Кісі елінде көз жұмған қазақ қыздары
299
оқылды

Таяуда, 5 мамыр күні Гру­зия­да белгісіз жағдайда 26 жастағы Әсел Айтпаева көз жұмды. 2018 жылы Ре­сей­­де 21 жастағы студент То­­­­мирис Байсафа қайтыс бол­­­ды. 2019 жылы Түркияда бі­­­лім алып жүрген 21 жастағы Ел­дана Қаһарманның жансыз де­несі табылды. Бұл көп­ші­лік­ке мәлім болған, ел ішінде үл­кен дүрбелең ту­­­дырған оқи­­­­ғалар, ал бізге белгісіз­дері қаншама?

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық ста­­­тистика бюросының есебінше, тек кейінгі 10 жылда елден 400 мың­дай адам біржолата қоныс аударған, ал бұған шетелге уақытша білім-ғы­лым және жұмыс іздеп кеткен­дердің, демалуға аттанған­дардың санын қоссаңыз, олардың көпті­гі­нен басыңыз айналады. Әлбетте, үдере көшкендердің көпшілігі өзге ұлт өкілдері, бірақ олардың ара­сында қазақтың да үлесі аз емес. Дегенмен жат жұрттан бақ із­деп, шетел асқан қандастың нақты санын дөп басу қиын. Білім қуып кеткендердің бірталайы барған жерлерінде қалып қояды, жұмыс іздеп шыққандар да еңбек қаты­­­настарын ресми рәсімдей бермейді. Олардың едәуір бөлігі жұмыспен астыртын, заңсыз айналысады. Былтыр Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында еңбек көші-қоны туралы мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген бо­латын: «Бұл – өте күрделі мәселе, бізге үндемей қалуға болмайды, жыл сайын мыңдаған отан­дас­ымыз еңбек мигрантына ай­­­­налып кетіп жатыр. Бұл азаматтар тек жоғарғы біліктілікті талап ететін кәсіби сек­­торда ғана емес, көпшілігі қыз­­­мет көрсету салаларында жұ­мысқа же­гілген» деп шетелде отан­дас­­тары­мыздың кез келген қара жұмысты істей кетуге дайын екенін қадап тұ­рып айтқан.

Қыздар зорлықтың құрбаны ма?

Жарайды, жастарды шетелге барып жұмыс пен оқу іздеуге мұқ­­таждық мәжбүр қылды дейік, бірақ құрбандардың сол елдердегі жүріс-тұрыстарының өзі көп сұрақ туғызады. Мәселен, автокөліктерді ТМД елдеріне жеткізіп беруші ком­­панияда жұмыс істеп жүріп, Тби­лисиде 5 мамырда белгісіз жағдайда 8-қабаттан құлап өлген Әсел Айт­паева бірнеше рет зорлық-зомбы­лыққа ұшырады деген жорамал бар. Бұл ақпаратты Сыртқы істер ми­­нистрлігі де, Грузияның ішкі істер министрлігі де жоққа шығарған жоқ. Тергеу жорамалы бойынша, оны алдымен Мұрат деген біреу зорлаған, кейін құрбанның өліміне күдікті ретінде қамауға алынған Бесик Тордуа зорлаған. Rustavi 2  телеарнасы мәліметі бойынша, 26 жастағы қазақстандық қыз 57 жас­­тағы күдіктінің үйіне өзі көшіп барған. Байғұс қыз зорлық­шының үйіне не мақсатпен көшіп барды, өз еркімен барды ма, енді тергеу осының жай-жапсарын да анықтай кеткені жөн. Өлмес бұрын марқұм қыз құр­бысына ұзақ аудиожазба жіберген. Онда Бесик Тордуаның Әсел Айтпаеваға сезімін білдірген және қоқан-лоқы көрсеткен сөздері қал­ған. Қазір аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Грузия прокуратурасының хабар­­­лауынша, іс «зорлау» және «өзін-өзі өлтіру» баптары бойынша тер­­гелуде. Егер күдікті айыпты деп та­нылса, 10 жылға дейін бас бос­­­тандығынан айырылуы мүмкін. Жағдай Қазақстанның Грузиядағы елшілігінде ерекше бақылауға алынды. Ал 2018 жылы МГИМО-да оқып жүрген 21 жастағы Томирис Байсафа 4-қабаттан құлап өлді. Оның өліміне күдікті деп танылған дағыстандық ірі шенеуніктің баласы Муртузали Меджидовдың үстінен «Кісі өлтіру» фактісі бойын­ша іс қозғалғанымен, қылмыскер оқиғадан тек 2,5 жыл өткеннен кейін қамауға алынды. Оның өзінде бұл іс сол кездегі Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасма­­ғамбетовтің, кейін Мемлекет бас­­­­шысы Қасым-Жомарт Тоқевтың араласуымен ғана алға жылжыған. Мұнда алдыңғы оқиғадай қыз зорлау фактісі тіркелмеген, бірақ ашық ақпарат көздерінен ұққа­­нымыз, құрбандық пен айыпкер қыз-жігіт ретінде араласқан екен. Жоғарыдағы екі оқиғадан ұққа­­нымыз, құрбандарды өз ажалдарына сор айдап барған екен. Енді бір қызымыз Түркияда білім алып жүрген 21 жастағы қа­зақстандық азамат Елдана Қа­һарман 2019 жылы өлі күйінде та­былды. Марқұм қыз студент бола жүріп, сондағы телеарналардың бірінде жұмыс істеген. Әрі танымал видеоблогер болған. Қазір осы екі жыл бұрынғы іс қайта қозғалып жатыр. Журналистер қазақстандық қызды «Ақ партия» депутаты Толга Ағыр өлтірді деп айыптайды. Құрбандық депутаттың үйіне сұхбат алуға барғанда зор­­лыққа ұшыраған. Кейін жәбір­ленуші прокуратураға арызданған. Бірақ бір күннен кейін оның мәйіті табылған.

P.S.

 Білім және ғылым министрлігінің есебінше, шетелдерде 120 мың қазақ­с­тандық азамат жоғары және ар­­­­наулы орта білім алады. Олардың де­ні Ресей (90 мыңға тарта студент) мен Қытайда (17 600 студент) оқиды. Қалғандары Еуропа мен АҚШ ел­­­дерінде, Түркия және басқа да мұ­­­­сылман мемлекеттерде білімдерін же­­­­тілдіріп жатыр. Сондай-ақ Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асыловтың айтуынша, 922 қазақстандық шетелдерде жазасын өтеуде. Жалпы, 7 миллионға жуық, яғни қазақтың үштен бірі шетелдерде өмір сүріп жатыр.

Білім және ғылым министрлігінің есебінше, шетелдерде 120 мың қазақ­с­тандық азамат жоғары және ар­­­­наулы орта білім алады. Олардың де­ні Ресей (90 мыңға тарта студент) мен Қытайда (17 600 студент) оқиды. Қалғандары Еуропа мен АҚШ ел­­­дерінде, Түркия және басқа да мұ­­­­сылман мемлекеттерде білімдерін же­­­­тілдіріп жатыр. Сондай-ақ Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асыловтың айтуынша, 922 қазақстандық шетелдерде жазасын өтеуде. Жалпы, 7 миллионға жуық, яғни қазақтың үштен бірі шетелдерде өмір сүріп жатыр.

Дәулет АСАУ