Халық санағына атсалысқан адамға қанша жалақы төленеді?

Кезекті халық санағын жүргізуге 48 нұсқаушы-бақылаушы мен 618 тіркеуші қажет. Оларға жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды. Бұл туралы informburo.kz жазды.

Нұсқаушылар мамыр-шілде аралығында еңбек етсе, тіркеушілер 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ай сайын 83 000-125 000 теңге аралығанда жалақы төленеді.

Үміткерге кәсіптік білім деңгейіне қойылатын талаптар: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім.

Ал жұмыс өтілі бойынша талаптарды қойылмайды. Санақ кезінде жұмыс істегісі келетіндер толық мәліметті Ұлттық статистика бюросының Алматы бойынша департаментінен алуына болады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.