Tengrinews.kz-тің жазуынша, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп эпидемиологиялық тексеру жүргізді.
«Тергеу барысында оның Ресей мен Қарағандыда шығарылған «Спутник V» вакцинасының 1-компонентін салдырғаны анықталды. Әйелде жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы болған, ол тіркелген жері бойынша диспансерлік есепте тұрған», – дейді комитет өкілі.
Алматыда дәрігер вакцина салдырған соң екі күн өткен соң үйінде құлап, қайтыс болған еді. Қазір тергеу жүріп жатыр.