Көршісін ұрып өлтірген 37 жастағы тұрғын ұсталды
Көршісін ұрып өлтірген 37 жастағы тұрғын ұсталды
90
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, кеше таңертең полицейлерге 37 жастағы тұрғын хабарласып, өз пәтерінің жатын бөлмесінен көршісінің денесін тапқанын айтқан.

Оның айтуынша, көршісі оған шай сұрап келген. Оның денесін жарақат болған. Таңертең оянғанда ер адамның көз жұмғанын көріп, полицияға хабарласқан. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары 53 жастағы ер адам түнгі сағат бір шамасында ауыр жарақат салдарынан қайтыс болғанын анықтады.

«Тергеу барысында полицияға хабарласқан 37 жастағы тұрғынның осы қылмысқа қатысы барын анықтады. Ер адам жасаған қылмысын толық мойындады. Екеуі ішімдік ішіп, төбелескен. Кейін ұйықтап қалған. Тек таңертең көршісінің көз жұмғанын көрген. Тергеу басталды. Күдікті қамауда отыр», – дейді полицейлер.