Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 132 млрд теңге бөледі.
«Дәрігерлердің жалақысын 30% дейін және орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20% дейін арттыруға 132 млрд теңге бөлінді. Жалақыны арттыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызметтерге ақы төлеу тарифтерінде көзделген. Қазіргі уақытта еліміздегі дәрігерлер саны 76 мың штаттық бірлікті құрайды, оның 32 мыңы – бейінді мамандар», - деді қордың басқарма төрағасы.
Бұған дейін қор басшысы өзінің жалақысы қанша екенін айтқан болатын.