Түркия ІІМ бұрынғы басшысының ұлы қазақстандық студент Елдана Қаһарманды өлтірді деген күдікке ілінді
Түркия ІІМ бұрынғы басшысының ұлы қазақстандық студент Елдана Қаһарманды өлтірді деген күдікке ілінді
244
оқылды
Түркия ІІМ бұрынғы басшысының ұлы қазақстандық студент Елдана Қаһарманды өлтірді деген күдікке ілінді.  21 жастағы қыздың мәйіті 2019 жылы наурызда  Элязыг қаласындағы өз үйінен табылған болатын. Sözcü атты түрік газетінің жазуынша, әділет пен дамудың басқарушы партиясының депутаты Толга Агар қызды зорлады деген сөз шықты. Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ құру  бойынша тергеу назарына іліккен Седат Пекер осылай деп отыр. Пекер видео жүктеп, онда Елдана Қаһарманды өлер алдында бір күн бұрын Толга Агар зорлағанын айтады.
"Толга Агардың сүйіктісі бар. Бойжеткен жандармерияға  "Мені Толга Агар зорлады" деген. Қыз арыз түсірген. Кейін бұрынғы ішкі істер министрі Мехмет Агар тікұшақпен келіп, ұлын алып кеткен. Келесі күні қыз өлі күйінде табылды. Бұл өте түсініксіз, солай ма?", - деді Пекер.
Толга Агар өзіне тағылған айыпты мойындамады. Элязыг қаласы полициясы Елдана Қаһарманның ондай арыз  жазбағанын хабарлады.
"Оқиға болған жерді тексеру кезінде, сондай-ақ куәгерлердің айғағына сәйкес, Елдана Қаһарман асфиксиядан қайтыс болғаны анықталды. Қылмыстық іс 2019 жылғы 16 қазанда қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - деп хабарлайды Cumhuriyet басылымы прокуратура хабарламасына сілтеме жасап.
Елдана Қаһарман 2019 жылдың 29 наурызында қайтыс болған. Студент қыз Фырат университетінде оқып, жекеменшік "Kanal 23" телеарнасында журналист болып жұмыс істеген. https://www.youtube.com/watch?v=htBnSkNBO0U