Көкшетауда көршісін ұрып өлтірген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 ж.11 мамырда сағат 07:07-де Көкшетау қаласының ПБ ЖБО “102” пультіне 37 жастағы жергілікті тұрғыннан өз пәтерінің жатын бөлмесінде көршісінің өлі денесін тапқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Өтініш беруші ер адам оған шай ішуге келуге сұранған, ол кезде көршісінде дене жарақаттары болған. Таңертең оянанда ер адамның қайтыс болғанын анықтап, бірден полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 53 жастағы ер адам шамамен түнгі сағат 01:00-де көптеген жарақаттардан қайтыс болғанын анықтаған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зардап шегушінің өлімі травматикалық шокпен ішкі ағзалардың зақымдалуымен бастың, кеуденің, іштің жарақаты салдарынан болған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, жасаған қылмысы үшін өз кінәсін толық мойындады. Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.