Ақтөбеде екі кішкентай бала суға батып кетті
Ақтөбеде екі кішкентай бала суға батып кетті
239
оқылды

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайдар департаментіне хабарлама кеше сағат 22:29-да түсті. Хабар берген адам 5 және 6 жасар екі баланың Ақтөбе қаласы Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткенін айтты.

Оқиға орнына сүңгуірлер мен психологтар жіберілді. Құтқарушылар жеткенше сол жердегі адамдар 2015 жылы туған баланың денесін жағаға алып шыққан.

«Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер 2014 жылы туған баланың денесін іздеуге кірісті. Сағат 00:09-да жағадан 3 метр қашықтықтан, 7 метр тереңдіктен 6 жастағы баланың денесі табылды. Екі бала да бақылаусыз қалған. Суға шешініп түскен. Жанында ата-анасы болса, мұндай қайғылы жағдай болмас еді», – дейді құтқарушылар.

Суға батып кеткен балалардың ата-анасыз қалай суға барғаны анықталып жатыр.