Тексеру барысында Шу қаласының 57 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 25 келіден асатын, ақ қапшыққа салынған есірткі табылған.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып отыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков тәркіленген есірткі заты 10 мың зиянды дозаға тең келетінін айтады.Қара нарықта «кептірілген марихуананың» 1 келісі шамамен 80 мың теңге тұратын болса, ұсталған күдікті оны сатып 2 миллион теңге таппақ болған.
Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы