“40 қызметкерден тұратын арнайы іздестіру тобы құрылды, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция жоғалған адамның орналасқан жерін анықтай алды. Ол Көкшетау қаласындағы қараусыз қалған жерлердің бірінде болды, онда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында түнеп жүрген. Ер адам мұндай әрекетке неге барғанын түсіндірмеді”, – делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.Ер адамға қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмағаны анықталды. Айта кету керек, жалпы облыс аумағында 30 адам іздестірілуде. Полицейлердің айтуынша, жоғалудың көп бөлігі отбасылық жанжалдарға байланысты.
“Негізінен, адамдар үлкен отбасылық жанжалдардан кейін жоғалады. Жақын адамдарымен ұрысып, адам арнайы кетіп, ұялы телефонды өшіріп, байланысқа шықпайды. Алкогольді ішімдік ішкендер жиі кездеседі. Мұндай адамдарды біз осындай жерлерден табамыз”, – деп атап өтті Ақмола облысы ПД КПБ жедел уәкілі Абзал Қайкенов.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы