Министр күзде кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Министр күзде кімдердің жалақысы өсетінін айтты
187
оқылды
Биыл күзде мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.   Айтуынша, мәдениет саласының, әсіресе, облыстық мәдениет мекемелері, музей мен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы соңғы он екі жылда өспеген.
"2020 жылы қаңтарда республикалық мәдениет, мұрағат ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы 50%, жергілікті деңгейдегі ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 35% өсті. Биыл айлықты кезекті рет өсіру бойынша жұмыс атқарылды", - деді Райымқұлова халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша брифингте.
Мәдениет министрлігі жалақыны арттыруға қатысты республикалық бюджет комиссиясына өтінім берген. Ведомство басшысы пандемиямен байланысты ахуал жақсаруына байланысты үкімет өтінімді қолдайды деп үміттенеді.
"Жалпы Үкімет мәдениет ұйымдары мен мұрағаттарда істейтін барлық деңгейдегі қызметкердің жалақысын өсіру туралы бастамамызды қолдап отыр. Күзде жалақы көтеріледі деген үміттенемін", - деді министр.